Деректер қоймасымен жұмыс
істеу кестелерге ақпараттарды енгізуден
басталады. Кесте режимі қарамағыңызға қарапайым құралдарды ұсынады.
Әрі қарай ондағы бар
жазбаларды редакциялауыңызға болады.
6.1. Кестеге деректерді енгізу
Кестеге деректерді
енгізудің ең қарапайым түрі кесте
режимін пайдалану болып табылады. Бұл үшін қажетті әрекеттер бірізділігін
қарастырамыз.
- Өзіңіз құрған деректер қоймасын ашыңыз. Егер оның аты Файл менюінің төменгі жағында болмаса, Файл│Открыть командасын орындаңыз және ашылған «Деректер қоймасы файлының ашылуы» диалог терезесінде өзіңіз құрған деректер қомасын тауып, оны ашыңыз.
- «Деректер қоймасы» диалог терезесінде Объекты батырмасын басып , тізімнен жоғарғы объектіні – Кестелер таңдаңыз (егер ол әлі таңдалмаса). «Кестелер» категориясы жандандырылғанда, өзіңіз құрған кестелердің тізімін көресіз.
- Деректерді енгізгіңіз келген кесте атына маус меңзерін орнатыңыз. Сосын маус батырмасын екі рет басыңыз немесе деректер қоймасының Открыть батырмасын басыңыз. Кестеңіз кестелер режимінде ашылады, сөйтіп, деректерді енгізуге кірісіңіз.
- Келесі өріске өту үшін Тab пернесін басыңыз. Берілген өріске ақпаратты енгізіңіз.
- Келесі өріске өту үшін Тab пернесін баса отырып, жолға ақпаратты енгізуді жалғастырыңыз. Кейбір өрістердің бос қалғанына көңіл аудармаңыз. Оларды бос қалдырып, тағы Тab пернесін басыңыз.
- Жазбаның соңғы өрісіне деректерді енгізуді аяқтаған соң, Тab пернесін тағы да басыңыз. Нәтижесінде келесі жазбаның басына көшесіз.
Комментариев нет:
Отправить комментарий