25 дек. 2012 г.

Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау


       І. Төмендегі әрекеттерді жасауға болмайды:
1. Кабельдердің қосылған орындарына тиюге болмайды
2. Жұмыс істеп тұрғанда экранға, монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиюге болмайды.
3. Оқытушының рұқсатынсыз аппаратураларды ток көзіне қосуға, үзуге болмайды.
4. Кітап, дәптер және т.б. артық заттарды монитордың, пернетақтаның үстіне қоюға болмайды.
5. Су киіммен, су  қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатал тиым салынады.
         ІІ. Жұмыс тәртібі:
 1. Компьютер экранынан 60-70 см қашықтықта дұрыс, еңкеймей, жатып алмай отыру қажет, ал     ұдайы көзілдірік тағатындар – көзілдірікпен отыру керек.
2.  Дисплей алдында 20 минут жұмыстан соң міндетті түрде 5 минут дем алу керек. 
      ІІІ. Жұмыс кезінде:
 1. Аппаратуралардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңдар, егер аппаратураның дұрыс жұмыс  істемей  тұрғанын сезсеңдер, немесе өзгеше дыбыс пайда болса, немесе пернетақта өз бетімен өшіп қалса, дереу жұмысты тоқтатыңдар.  Техниканың ақауы жөнінде оқытушыға хабарлаңдар.
 2.   Пернелерді қатты тақылдатпай жай басыңдар.
 3.   Пернетақтада жұмыс істегенде қолдарың таза болсын.
 4.   Аппаратураның  ақауын ешқашан өз беттеріңмен  жөңдеуге ұмтылмаңдар. 

 
 Тапсырмалар:
1. Интернет жүйесінен осы тақырыпқа байланысты пайдалы ақпаратты тауып, осы бетте жариялау

3 комментария:

  1. Оқушылар тапсырмаға жауапты "комментарии" түрінде жазамыз!

    ОтветитьУдалить
  2. Мысалы былай сілтеме көрсетеміз http://it-mirnk.ru/kak/kak-pravilno-sidet-za-kompyuterom

    ОтветитьУдалить
  3. http://mirfactov.com/kak-pravilno-sidet-za-kompyuterom/
    Ағай осындай сайтта тақырыпқа байланысты мәлеметтер жазылған !

    ОтветитьУдалить